Атырау Booked
+10°C

Жолаушылар терминалы

23 May 2022

Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін терминал барлық заманауи күзет, қауіпсіздік құралдарымен, салқындату және жылыту жүйесі, FIDS – электрондық таблода ұшулар туралы хабарлау жүйесі, CCTV – бейнебақылау жүйесі, өрт дабылы жүйесі, сымсыз Интернет сияқты жаңа электрондық және электромеханикалық жүйелермен жабдықталған.

  • * Өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы
  • * VIP зал
  • * CIP залы
  • * Медициналық Пункт

Терминал қызметтері

  • * Кафе-барлар
  • * Әуекассалар
  • * Әуекомпания кеңселері
  • * Дүкен
  • * Такси қызметі

Жолаушыларға арналған ақпарат

Терминал ұшу туралы көрнекі хабарлаудың заманауи жүйесімен жабдықталған. Терминалда орнатылған мониторларда жолаушылар тәуліктік ұшып келу және ұшып шығу туралы ағымдағы ақпаратты уақтылы қадағалауға мүмкіндігі бар

Аэровокзалда 8 тіркеу бағандары және VIP залда 1 бағана бар.

Ішкі рейстерге ұшаққа тіркеу және отырғызу 1,5 сағат бұрын басталады, халықаралық рейстер 2 сағат бұрын басталып, рейстің ұшуына 40 минут қалғанда аяқталады.

Жолжүкті тасымалдау нормасын әуекомпаниялар белгілейді және жолжүгі үшін 8 кг қол жүгі үшін 20 кг жасалады.

Нормативтен тыс багаж үшін тарифтерді әуекомпаниялар да белгілейді.

Барлық адамдар шекарадан өткен кезде көші-қон карточкасын толтырады, онда тегі, аты, Азаматтығы, бірге келетін балалардың саны (16 жасқа дейін), болу мақсаты, қабылдаушы Тарап және болатын жері бойынша тіркеу туралы белгі көрсетіледі. Көші-қон карточкасына тіркеу туралы белгіні көші-қон полициясы қояды. ҚР аумағында болу мерзімі 5 тәуліктен аспайтын адамдарға көші-қон полициясында тіркеу талап етілмейді.

Заңнамаға сәйкес 10 000 АҚШ долларынан аспайтын баламадағы ақша қаражатын бір жолғы әкелу/әкету жазбаша кедендік декларациялауға жатпайды. 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын соманы әкелу / әкету кезінде бұл қаражатты жазбаша декларациялау қажет.