Атырау Booked
+10°C

Әуе торабының авиациялық қауіпсіздігін қауіпсіздік және тексеру бөлімшелерінен тұратын «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметі қамтамасыз етеді.

АҚҚ қызметінің басты мақсаты авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғам қызметіне заңсыз араласу актілерін жасауға жол бермеу болып табылады.

Авиациялық қауіпсіздік талаптары және оларды орындау тәртібі жолаушылардың, авиация персоналының, халықтың, әуе кемелерінің және азаматтық авиация ұйымдарының қауіпсіздігін және оларды заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық актілерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қабылданған нормалармен, қағидалармен және рәсімдермен белгіленеді.

Әуежайдың АҚҚ жолаушыларды, қол жүгін, багажды, жүкті, борттық тамақты тексеруді жүзеге асыратын және объектішілік режимді, объектілерді, ӘК, ЖЖМ қоймаларын күзетуді қамтамасыз ететін ауысым бойынша топты қамтиды.

Жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүктерді тексеріп қарау арнайы техникалық құралдармен жүзеге асырылады:

Қол жүгін, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін ашпай-ақ бақылап тексеруді және тексеріп қарауды жүргізуге арналған рентген құрылғылары;

Киім астында немесе адам денесінде жасырылған металл заттарды табуға арналған құрылғылар:

  • Стационарлық металл іздеуіштер
  • Қол металл  іздеуіштер
  • Газ анализаторлары.