АҚ «Атырау халықаралық әуежайы» 2016 жылдың қысқы кезеңіне дайын

Атырау халықаралық әуежайы 2015 жылдың 22 қарашасынан бастап рейстердің күзгі-қысқы кестесіне көшті, ол 2016 жылдың 26 наурызына дейін әрекет етеді.

Ұшулардың қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында КҚК-2015/2016ж.ж. (күзгі-қысқы кезең) дайындық жоспарына сәйкес жыл сайын өткізілетін «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ аэроалаңды ұстау және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін арналған арнайы техникаларын тексеру жүргізілді. Комиссия әр техниканың техникалық жағдайы мен күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша арнаулы көлік қызметі КҚК-2015/2016ж.ж.
жұмысына дайын деп танылды.

Атырау халықаралық әуежайы әуе кемелерінің кідіртуін болдырмау, ұшулардың қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасайды.