Өрт-тактикалық оқулар

Атырау қаласы әуежайының өрттен қорғанудың тоғызыншы деңгейі бар. Туындауы мүмкін төтенше жағдайларды ойдағыдай жою үшін, оның ішінде әуе кемелерінің апаттық қонуы, сондай-ақ «АТМА» АҚ және Атырау қаласы өртке қарсы гарнизонымен бірлесіп «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ апаттық-құтқару командасы (АҚК) есебінің іс-әрекеттерін пысықтау үшін өрт-тактикалық оқулар жүйелі өткізіліп тұрады.

Кезекті оқулар (әуе кемесіндегі өртті өшіру) 2015 жылдың 22 қазанында өтті. Тактикалық мақсаттар бойынша «АН-24 ӘК оң жақ қозғалтқышындағы өрт» нұсқасы қабылданды, АН-24 ұшағы Атырау қаласынан Орал қаласы бағытына ұшты. Ұшқаннан кейін экипаж командирі оң жақ қозғалтқыштың істен шыққанын және шамамен жиырма минуттан кейін Атырау қаласы әуежайында апаттық қонуды жүзеге асыратынын Ұшақ бортында сол кезде 20 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болды. Қауіпті жүк болған жоқ. Оқу аңызы бойынша ұшақтың апаттық қонуы кезінде оң жақ қозғалтқыш отқа оранды.

Атырау қаласы әуежайында АН-24 ұшағының апаттық қонуы хабарламаны алғаннан кейін Атырау әуежайының орталық диспетчерлігі Атырау облысы ТЖД кезекшісіне «112» хабарлады. «ӨҚ және АҚЖ» ММ диспетчері өртке қарсы қызметі Атырау гарнизонынның өрт байланысы орталық пункті оқиға орнына жоғарғы деңгейіне шығу кестесіне сәйкес күш пен құралдарды жіберді, «АН-24» ӘК әуе кемесінің макетін пайдаланып әуежай аумағына оқулар өткізу үшін гарнизонның лауазымды тұлғаларына Ұшақ апаттық қону жасағаннан кейін «АТМА» АҚ өртке қарсы қызметінің жеке құрамы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ ҰІАҚҚ қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жанып жатқан қозғалтқышты сөндіруге және құтқару жұмыстарын орындауға кірісті: есікті, апаттық люктерді және қаптамасын ашып, зардап шеккендерді көшіре бастайды, оларды «жедел жәрдем» көлігіне мінгізді.

Атырау қаласы гарнизонынан келген күштер мен құралдардың бәрі шартты өртті жоюға көмек көрсетті. Салонға жету үшін өрт сөндірушілер қол
баспалдақтарын пайдаланды. Бұл уақытта дәрігерлер зардап шегушілерді жинайтын уақытша медициналық пункт жасақтады.

Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жеке құрамының ұтымды және ұйымдасқан әрекеттерінің арқасында шартты өрт ойдағыдай өшірілді. Іс-шара
нәтижесінде барлық шараға тартылған қызметтердің әрекеттеріне мұқият талдау жасалды, шартты өртті өшіру бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне баға берілді. Оқуларға оң баға берілді.