Атырау Booked
+10°C

AMG-Қазақстанның бірқатар әуежайлары өз шығындарын 2030 жылға дейін өтемейді.

Қазақстанның кейбір әуежайлары жолаушылар ағынының аздығынан 2030 жылға қарай да шығындарын өтей алмайды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА ресми сауалына жауап ретінде «Airport Management Group» (AMG) ЖШС хабарлады.

«Әуежайлар өздерінің операциялық шығындарын жабуы үшін жолаушылар ағыны жылына кемінде 200 мың жолаушыны құрауы қажет. Әуежайлар желісін дамыту болжамына сәйкес, тіпті 2030 жылға қарай Көкшетау, Петропавл және Семей сияқты бірқатар өңірлік әуежайлар осы шекті деңгейге жете алмайды», - деп хабарлады AMG - де.

Компанияның мәліметінше, 2014 жылы Астана әуежайы 3 млн.жолаушыға қызмет көрсеткен, Шымкент әуежайының жолаушылар ағыны өткен жылы 440 мыңды құрады, Қостанай қаласының әуежайында жылдық жолаушылар ағыны 120 мың адамды, Қызылордада - 167 мың адамды, Көкшетауда - 19 мың адамды және Петропавлда - 17 мың жолаушыны құрады.

AMG әлемдік практикада халықтың әлеуметтік ұтқырлығын қолдау үшін өңірлік әуежайларды жұмысқа қабілетті күйде ұстау, сондай-ақ өңірлерді елдің экономикалық белсенділігіне және жаһандық экономикаға тарту мәселелерін мемлекет Авиамаршруттарды субсидиялау сияқты өз мойнына алатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл қолдау шаралары әрдайым бір уақытта қолданылады.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның заңнамасында Авиамаршруттарды субсидиялау тетігі бар, бірақ өңірлік әуежайлардың шығындарын тікелей субсидиялау бөлігінде Үкіметтің өкілеттігі жоқ. Бұл мәселені шешу «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізуді талап етеді», - делінген компания хабарламасында.

«Airport Management Group» ЖШС 2013 жылдың қараша айында құрылған және мемлекеттік әуежайлар желісін басқару бойынша холдинг болып табылады. 2014 жылғы қыркүйекте Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда қалалары әуежайларының мемлекеттік акциялар пакеттері AMG сенімгерлік басқаруға берілді. Басқарушы компанияның портфелінде барлығы 11 әуежайды шоғырландыру көзделіп отыр.

26.05.2022 762