Атырау Booked
+10°C

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-ның тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі 2017 жылғы қызметі туралы жыл сайынғы есеп бойынша тыңдауды өткізу туралы

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ 2017 жылғы 27 сәуірде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2017 жылы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісі ретінде қоғамның қызметі туралы жыл сайынғы есеп бойынша тыңдау өткізді.

Тыңдауды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығымен бекітілген табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларында айқындалған.

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ жыл сайынғы есебі бойынша тыңдауды өткізу туралы хабарландыру аптасына кемінде үш рет шығарылатын "Халық ақпарат" газетінде 31.03.2018 ж. жарияланды, сондай-ақ өзінің ресми сайтында орналастырылды www.iaa-jsc.kz 19.04.2018 ж.

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ – ның 2017 жылы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті тыңдау төрайымы-Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Г.Қабдуалиева ұсынды. Есепте келесі сұрақтар атап өтілді:

 уәкілетті орган бекіткен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы нұсқама;

 2017 жылғы қызметтің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

 2017 жылы реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;

 реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы;

 уәкілетті орган бекіткен 2017 жылғы тарифтік сметаның баптардан кейінгі орындалуы туралы;

 қызмет перспективалары туралы, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы ақпарат беріледі.

Тыңдау төрайымы қорытындылап, тыңдауды жапты. Тыңдау барысында хаттаманы жүргізу үшін хатшы сайланды. Қойылған сұрақтар болған жоқ. Тыңдау хаттамасының көшірмесі жоғарыда аталған Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментіне жолданды.

26.05.2022 646