Атырау Booked
+10°C

ШҚО-да халықаралық әуежай салу жоспарлануда

ШҚО-ның Катонқарағай ауданында Халықаралық әуежай салу жоспарлануда, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚазАқпарат тілшісі облыстың ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, бұл әуе айлағы Шығыс Қазақстан авиациялық торабындағы бесінші әуежай болады. Жобаны туристерді тарту және Катонқарағай ауданында жүріп-тұру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырмақ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әуежай Үлкен Нарын ауылында орналасатын болады, оның әкімшілігі халықаралық рейстерді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталды, алайда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет.

Аудан әкімі Қалихан Байғонысовтың пікірінше, Катонқарағай ауданы табиғатының бірегейлігі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. "Аудан қонақтарына қызмет көрсетуді жақсарту үшін қоршаған ортамен үйлесетін заманауи, ыңғайлы дизайнмен әуежай салу мәселесін шешу қажеттілігі туындады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Катонқарағай ауданына 15 мыңнан астам адам келді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға көп. Туристерді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Солтүстік-Шығыс Белухин рекреациялық аймағы қызықтырады.

Бұған дейін ШҚО-да Риддер қаласының маңында жаңа тау шаңғысы курортын салғысы келген. Жобаның авторы әрі әзірлеушісі Евгений Швагерустың айтуынша, "Алатау" шаңғы кешені Алтай тауларында болады. Тау шаңғысы курортының беткейлері ұзындығы 100 шақырымға дейін әр түрлі күрделі жолдарды оңай орналастыра алады.

Tengrinews.kz 26.05.2022 1474