Атырау Booked
+10°C

Trepel CHAMP 140 контейнер тиегіші және паллет

Атырау әуежайы арнайы аэродромдық техника паркін жаңартуда.

Ұшқыш Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай Trepel CHAMP 140 контейнер тиегіші мен паллетін сатып алды.

Әуе тасымалдарындағы күрделі экономикалық жағдайды және жолаушылар рейстері көлемінің болжамды төмендеуін талдай отырып, әуежай басшылығы жүк әуетасымалдарын дамыту жөнінде шешім қабылдады.

Жаңа Trepel CHAMP 140 жүк тиегіші салмағы 14 тоннаға дейін және 20 футқа дейінгі контейнерлерді өңдей алады.

Жаңа тиегіштің артықшылығы қызмет көрсетуші қызметкерлері үшін барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, қысқа мерзімде іс жүзінде барлық әуе кемелерін түсіру және тиеу болып табылады.

23.05.2022 140