Атырау Booked
+10°C

Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет!

2016 жылғы 6 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнінің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі-қоғам) басшылығы қоғамның кәсіподақ комитетімен бірлесіп Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғамға бекітілген жұмыс істемейтін зейнеткер, Александр Васильевич Евстифеевпен және жауынгер-интернационалист, Қоғамның инженерлік-авиациялық қызметінің ауысым бастығы Қалимов Жұмажан Айтқалиұлымен кездесу өткізді.

Қоғам қызметкерлері ұйымдастырған бұл кездесу жылы және жайлы атмосферада өтті: ардагерлерге құрмет көрсету кабинеті мерекелік безендіріліп, дастархан жайылды. Бір шыны шай үшін ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті.

Кездесу барысында Қоғам қызметкерлері ардагерлерге арналған құттықтаулар мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ гүлдер, алғыс хаттар табыс етілді және қайырымдылық көмек көрсетілді.

Өз кезегінде ардагерлер жас ұрпаққа өз елінің патриоты болуға, адамдарға және олардың еңбегіне құрметпен қарауға тілек білдірді.

Ардагерлермен кездесу қоғам қызметкерлері үшін дәстүрге айналды.

Аталған іс - шара «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету және Қазақстан Республикасының жастарына патриоттық тәрбие беру жөніндегі «Жеңіс» жобасының аясында өтті.

26.05.2022 108